20:10, 12 Шілде 2010 | GMT +5
Далада шыққан үш өрт сөндірілді
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Еліміздің әр аймағынан шыққан үш дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округында "Айдос" шаруа қожалығының аумағында, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округының аумағында, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданындағы Беген және Сосновский ауылдық округтарының түйіскен жерінде далада өрт шыққан. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ. Барлық өрттер дер кезінде ауыздықталды.