Даладан тапанша тауып алған Степногор қаласы тұрғынының басы пәлеге қалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Заңсыз қару сақтаған Степногор қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Полицейлердің мәліметі бойынша тәркіленген қару 1935 жылғы "Браунинг" тапаншасы. Суық қаруды ұйымдасқан қылмыспен күресу жөніндегі басқарманың қызметкерлері полиэтилен қапшыққа оралған күйінде 35 жастағы Степногор қаласының тұрғынының гаражынан тауып алған.

"Ер адамның сөзіне қарағанда, ол аталған тапаншаны ағымдағы жылдың мамыр айында қала маңындағы кен орнынан тауып алған.  Оның қандай қару жəне атуға жарамды екенін ол білмеген. Қаруды полицияға тапсыру мақсатында гаражында сақтаған.

Тапаншаны балистикалық сараптамадан өткізген полицейлер оның кесілген, атуға жарамды екенін анықтады", деп көрсетілген хабарламада.

Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімі (заңсыз қару сақтау) бойынша сотқа дейінгі қылмыстық іс қозғалды. Аталған санкция бойынша күдікті 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар