Түркия Израильді өз міндетін орындауға шақырады

АСТАНА. KAZINFORM — Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ХАМАС ұйымының Газа секторындағы атысты тоқтату келісімін тұрақтандыру үшін сындарлы қадамдар жасауға дайын екенін айтты, деп хабарлайды ANEWZ

Түркия Израильді өз міндетін орындауға шақырады
Фото: ANEWZ

Министр Израильдің де осындай міндеттемені орындауы керектігін жеткізді. Ол «Газа секторы Палестинаның бір бөлігі және сол қалпында қалуы қажет» деп нықтап айтты. 

Сондай-ақ ол Ақ үйдегі кездесу туралы да айтып, бұл сапар Түркияға Сириядағы маңызды мәселелер бойынша өз ұстанымын ұсынуға мүмкіндік берді деп мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Израиль балаларға арналған тағамның Газаға жеткізілуіне кедергі келтіретіп отырғаны туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар