Дамаскіде Қазақстанның ИКҰ-ға төрағалық жасауға дайындығы талқыланатын конференция өтеді

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Мамырдың 23-25-і күндері Дамаск қаласында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 36-шы жұмыс конференциясы өтеді.
None
None
Оның жұмысына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қатысады, деді бүгін апталық брифингте осы министрліктің ресми өкілі Ержан Ашықбаев. Оның айтуынша, Қазақстанның 2010 жылы Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасауға дайындығы конференцияда талқыланатын негізгі мәселелердің бірі болады. «Шара аясында қазақ дипломаты баяндама жасайды, Ислам конференциясы ұйымының басшылығымен екі жақты кездесулер өткізеді», деді ресми өкіл.
Соңғы жаңалықтар