21:41, 22 Маусым 2025 | GMT +5
Дамасктегі шіркеуде теракт болды: зардап шеккендер бар
АСТАНА. KAZINFORM – Жарылыс Дамаск қаласының шығыс бөлігінде орналасқан қасиетті Апостол Павел шіркеуінің маңында болды, деп хабарлайды ТАСС.

Sham TV телеарнасының хабарлауынша, оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алған.
Телеарна мәліметінше, жарылғыш құрылғыны лаңкес іске қосқан.
Шабуыл христиан халқы тұратын Дувейла ауданында жасалған.