17:09, 02 Шілде 2023 | GMT +5
Дамир Ысмағұлов UFC-де тағы жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Этникалық қазақ Дамир Исмағұлов (24-2) Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен өткен UFC on ESPN 48 турниріне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Турнирдің негізгі айқастарының бірінде Исмағұлов америкалық файтер Грант Доусонмен (19-1-1) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен ұтылып қалды.
Осылайша, Грант Доусон кәсіпқой мансабындағы жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізсе, Исмағұлов кәсіпқой MMA-да үшінші рет жығылды.
Д.Исмағұловтың UFC-дегі жекпе-жектеріне келетін болсақ, бұл оның промоушендегі жетінші кездесуі болды: қазір спортшының қоржынында бес жеңіс пен екі жеңіліс бар. Доусон UFC-де тоғыз жекпе-жек өткізген: оның сегізінде жеңіске жеткен және бір рет тең түскен.