«Даму» «Бизнестегі әйелдер» жобасын қолға алмақ
«Қазіргі уақытта біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен жоба әзірлеудеміз әрі 20 желтоқсанда «ЦентрКредитБанкімен» келісімге қол қоямыз. Осыдан кейін қосымша 10 млрд. теңге шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасына берілетін болады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған қаржыны беру барысында ешқандай салалық шектеу болмайды.
«Шаштараз, асхана, дәмхана ашатын әйелдер несие ала алады. Дегенмен, банктер үшін міндетті критерий ретінде біз кәсіпкерлер әйелдердің қатысуын қойып отырмыз», - деді Л.Ибрагимова.
Қор басшысының сөзіне қарағанда, «Даму» келесі жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Бизнестегі әйелдер» жобасын қолға алмақ.
«Мұндай жоба дамыған елдерде зор сұранысқа ие. Біз Қазақстанда да да әйелдер бизнесін несиелеудің осындай арнайы бғдарламасы қажет деп есептейміз», - деді ол.