«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы үрдістерді талдаудың геоақпараттық жүйесін іске қосты

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жүйе қор қызметі, шағын және орта кәсіпкерлік саласы мен макро және микроэкономикалық үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және микроэкономикалық үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және талдамалық ақпаратты интерактивті түрде ұсынатын бірегей жүйе болып табылады. Ол «Даму» қорының тапсырысы бойынша, есептеме дайындау үдерісін оңтайландырып, көрнекі деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға тиімді қолдау көрсету мақсатымен әзірленген. Оның басты артықшылығы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы негізгі экономикалық үрдістер туралы мәліметтер мен «Даму» қорының жұмысы туралы барлық ақпараттарға қызығушылық танытқан барлық сыртқы пайдаланушылар геоақпараттық жүйеде шоғырланған бір дерек көзі арқылы (www.gis.damu.kz ) еркін қол жеткізе алады. Жүйедегі мәліметтер базасы ай сайын сыртқы дерек көздерінен алынған ақпараттарды тоғыстыру жолымен тұрақты түрде жаңартылып отырады. Олардың қатарында ҚР Статистика агенттігінің, ҚР Ұлттық банкінің, ҚР Кедендік бақылау комитетінің, ҚР Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ресми жарияланымдары бар. «Қазақстанның әлемдегі рейтингі» бөлімі АҚШ Орталық барлау басқармасының мәліметтері негізінде жаңартылып отырады.