«Даму» қоры трансформацияланады
АСТАНА. KAZINFORM — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» кепілдік қорына трансформацияланады. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасында қонақ болған аталған қордың басқарма төрағасы Гауһар Бөрібаева айтты.

— Алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі — бұл кепілдік қорына трансформациялану. Біз үшінші тоқсанда аталған құралды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Өздеріңіздер де білесіздер, бизнестің бір бөлігі кепілдік қамтамасыз ету жетіспейтіндігі жайлы айтады. Және де ол әдетте кредиттік ресурстардың қолжетімділігіне ықпал етеді. Тәжірибесі мен құзіреті, оның үстіне жолға қойылған инфрақұрылымы, ақппараттық жүйесі бар «Даму» қоры бұл міндетті толыққанды ұлғайта түсуге дайын, — деді ол.
Оның атап өтуінше, бұл жұмысқа тек бюджет қаражаты қана тартылмайды, сонымен бірге екінші деңгейлі банктер де тартылады. Яғни, қаражаттың 50 пайыз бюджеттен, ал 50 пайызы банктерден болады.
— Біз корейлік кепілдік қоры моделімен жүреміз. Оларда бүгінде кепілдік құралдарын дамытудағы қаржылық институттардың қатысу үлесі 83 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта бізде шағын және орта бизнес үшін кепілдік толығымен мемлекеттік, тегін. Шындығында да бюджет мүмкіндігі мол емес. Бірақ, нарықтың қажеттілігі үлкен. Соған орай әлемде жұмыс істеп тұрған кез келген әдіс пен тәжірибені қолдануға тиіспіз, — деді Гауһар Бөрібаева.
Бұған дейін Даму қоры кепілдік беру талаптарын жеңілдететіні туралы хабарладық.