«Даму» қоры 10 айда шағын және орта бизнеске 1 млрд. теңге бөлді

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Даму" қоры 10 айда шағын және орта бизнеске 1 млрд. теңге бөлді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Әйелдердің еуразиялық форумында ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

"Оның аясында шамамен 6 мың кәсіпкер әйелдің кәсібі қаржыландырылды. 2010 жылдан бері шағын несиелер бағдарламасы арқасында 1,5 мың әйел 12 млрд. теңге несие алды", - дейді ол.

Оның үстіне Азия даму банкінің қаржыландыруымен 2011 жылдан бері кәсіпкер әйелдердің 412 жобасы жүзеге асырылды. Ал Еуропаның даму және қайта құру банкі 41 млн. доллар қаржы несие бөлді.

Г. Әбдіқалықова әсіресе ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қажеттілігіне де ерекше тоқталды.

"Біздің саммит әлемдік экономиканың аумалы-төкпелі шағында өтіп жатыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атап өткеніндей, қазір 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан да жойқын дағдарыс төніп келеді. Оған жауап ретінде елімізде индустрияландыруды және экономикалық өсуге бағытталған 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" бағдарламасы қабылданды. Экономикалық белсенді xалықтың 48 пайызы, шамамен 4,4 миллионы әйелдер екендігін ескерсек, алдымызға қойылған міндеттердің сапалы орындалуы - олардың белсенді қатысуларына байланысты", - дейді Мемлекеттік xатшы.

Г. Әбдіқалықова "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 395 мың жұмыс орны ашылатындығын мәлім етті.

"Осы тұрғыда кәсіпкерлікті қолдау маңызды. Осы мақсаттарға 2015 жылы Ұлттық қордан 100 млрд. теңге бөлу қарастырылған", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар