«Даму» қоры іскерлік байланыс жобасына қатысушылармен кездесті - Қызылорда облысы
Қызылорда облысы бойынша осы жоба аясында 9 кәсіпкер Алматы және Астана қалаларында өткен бизнес-оқытуларға қатысып, бизнес саласындағы білімдерін жетілдіріп келді. Оқыту оқу орнында және дистанциялық түрде жүргізілді. Тренингке қатысушылар оқыту деңгейінің, теориялық және практикалық дайындықтың жоғарылығын атап көрсетті. Қазіргі таңда бизнес-ортада тек қаражат мәселесі ғана емес, сонымен қатар бизнес саласындағы білімге де сұраныс артып отыр. Көп білетін және білімін оңтайлы пайдаланатын адам ғана жеңіске жетеді. Бүгінгі таңда «Даму» қоры тек қаржылай бағдарламалардың ғана операторы болып қана табылмайды, сонымен қатар қаржылай емес қолдау бағдарламаларын да белсенді жүзеге асыруда.
Кездесу барысында Германия елінде стажировкада болып қайтқан «Мир 2001» ЖШС-нің директоры Ажмолдаев Сейфулла осы жоба бойынша өз пікірімен бөлісті. Қатысушының айтуы бойынша, Германия елінде болған 1 ай көлемінде тағылымдамадан өту кәсіпкерге кәсіпорынды басқарудың нақты тәсілдерін және өзара іскерлік байланыстар орнатудың, яғни құрал-жабдық алуда, өзара тауар немесе қызмет алмасуда, франшиза сатып алуда, халықаралық және шетел ұйымдарынан гранттар тартуда, бірлесіп кәсіпорын ашу бойынша көп мүмкіндік береді екен. Ең бастысы бұл тағлымдама мемлекет есебінен тегін өтті.
Нәтиже бұл жоба кәсіпкерлер үшін өз бизнесін дамытудағы ең маңызды құралдардың бірі екендігін көрсетті.