«Даму» қоры шағын қалалардың проблемаларын шешетін болады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Шағын қалалардағы шағын және және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету мақсатында, «Даму» қоры арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр.
None
None

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Ринат Талтүсовтың хабарлауынша, бұл бағдарламаның мақсаты - несиелік ресурстардың қолжетімділігін арттыру және оның жедел берілуін қамтамасыз ету, жеңілдік шарттармен заемшыларға қаржылай қолдау көрсету және несиелік ресурстардың құнын мүмкіндігінше төмендету, бағдарламаға қатысушы банктер мен лизингтік қатысушылардың ұйымдастырушылық-техникалық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану.

Алматы облысы - шағын қалалардың саны және оларда тұратын халықтардың жалпы саны бойынша Қазақстанның көшбасында: Қапшағай, Текелі, Үшарал, Есік, Үштөбе, Қаскелең, Жаркент, Сарқанд және Талғар сияқты 9 шағын қала бар және оларда жалпы есеппен 284 мыңдай халық тұрып жатыр.

Әдетте, шағын қалалардың өнеркәсіптік өндірістері бірді-екілі салалармен шектеледі. Өндірістің төмендеуі немесе қала құрушы кәсіпорындардың тоқтап қалуы, шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, сұраныстың жоқтығы немесе халықтың сатып алу қабілетінің төмендігі, өткізу нарықтарының қашықтығы - міне осының барлығы шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын қиындатып отырған факторлар болып табылады.

Соңғы жаңалықтар