«Даму» қоры ШҚО аудандарында кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарын ашуға кірісті
Аудандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығының негізгі мақсаты - ауыл халқы мен кәсіпкерлерге бизнесті құру мен дамыту үшін барынша жайлық жағдай жасау. Орталық консультанттары бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламалары, бизнесті ашу және жүргізу туралы ақпараттар беру, бизнес жоспарлау құруға көмек көрсету, «Бизнес кеңесші» білім беру жобасына қатыстыру сынды мәселелерде тегін көмек көрсететін болады.
Айта кетерлігі, Тарбағатай ауданында 44 мың астам адам тұрады. Тіркелген шағын және орта бизнес саны 2652 болса, оның 1850-і шаруа қожалықтары. Сондықтан да «Даму» қоры бар күш-жігерін бірінші кезекте өңдеу өнеркәсі саласындағы шағын кәсіпорындарды құру әрі дамытуға, оның ішінде аграрлық өнімдерді қайта өңдеу саласына, ауыл халқы үшін қызметтердің басқа да түрлерін дамытуға баса мән бермек.
Ертең, 5 маусым күні «Даму» қорының Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік филиалының қызметкерлері Зайсан қаласында аудандық кәсіпкерлікке қолдау көрсету орталығын ашатын болады.