«Даму» қоры Жамбыл облыстық филиалының басшысы өзгерді

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл облысындағы филиалының бастығы ауысты. Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2010 жылдың мамыр айынан бері филиалдың директоры Алмаз Тұрғанбаевтың орнына Руслан Төлегенов тағайындалды.
None
None

  Халықаралық бизнес университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген Р.Қайбұллаұлы «Даму» КДҚ» АҚ-дағы қызметін   2006 жылы бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінде несие операциялары есебін басқарудың бас маманы боп бастаған болатын.   2010 жылдың сәуір айынан бері субсидиялау департаментінің бас менеджері болып жұмыс жасап келе жатқан  оған  енді қордың облыстық филиалына жетекшілік ету міндеті сеніп тапсырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар