Даму қорының 2010 жылғы ЕДБ-мен қаражатты келісіп орналастыру бағдарламалар жоспары артығымен орындалды

«Даму» Қоры Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысып отыр. Атап айтқанда, Қор Стратегиясында бекітілген ШОБ қаржылай және қаржылай емес құралдармен қолдау бағдарламаларын іске асыру және «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде қаржы агенті ретінде қызмет атқару жүктелген.
Жалпы алғанда, ШОБ қаржылық қолдау бағдарламалары аясында 10 537 қарыз алушы 513 млрд. 428 млн. теңге сомаға қаржыландырылды. Соның арқасында 19 784 жұмыс орны жаңадан құрылып, бар жұмыс орындары сақтап қалынған.
Сонымен қатар қаражатты ЕДБ-мен келісіп орналастыру бағдарламалары бойынша 2010 жылға арналған жоспар артығымен орындалған. Оған Тұрақтандыру бағдарламалары шеңберінде берілген қаражаттардың үлкен көлемде қайтарылуы есебінен банктердің қайыра (револьверлік) кредит беруі және Қордың «Даму-Өндіріс», Жаңаөзен қаласындағы шағын бизнес субъектілері мен әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыру тәрізді жаңа бағдарламаларының қарқынды жүзеге асырылуы себеп болып отыр. «Даму-Өндіріс» бағдарламасының жүзеге асырылуы арқылы Қор бағдарламаларындағы өндірістік жобалардың үлесі 28,6%-ға дейін ұлғайған. Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру Бағдарламасы бойынша да лизингтік компаниялар едәуір қаражат игерді. Осы күнге дейін 1 млрд. 164 млн. теңге игерілген.
2010 жылдан бастап Қор қаржы агенті және үйлестіруші ретінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Жалпы алғанда 2010 жылы құны 91,6 млрд. теңгелік 73 жоба субсидияланып, төленген субсидиялар сомасы 983,7 млн. теңгені құраған.
Бірінші бағыт «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бойынша 90 келісімшарт жасалынған. Кредиттік портфель сомасы 14,6 млрд. теңгені құрайды. 2011 жылы БЖК-2020 бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 220 келісімшарт жасасу көзделген.
Бірінші бағыт «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдеме беру» бойынша 12 жобаға кепілдік беру мақұлданып, оның 3-імен кепілдеме шарты жасалынып, 6 жоба бойынша кепілдеме-хат жолданса, 3 жоба экономикалық даму және сауда министрлігі мен ЕДБ тарапынан шарттарға сәйкестігі бойынша келісілу үстінде. Кредиттік портфель сомасы 3,9 млрд. теңгені құрайды. 2011 жылы кәсіпкерлік жобаларға кепілдеме беру бойынша 70 сараптамалық қорытынды әзірлеу жоспарланып отыр екен.
Екінші бағыт «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» бойынша Мемкомиссия жанындағы Жұмыс тобы 64 жобаны мақұлдаса, 30 жобамен субсидиялау шарты жасалған. Кредиттік портфель сомасы 49,3 млрд. теңгені құрайды. 2011 жылы екінші бағыт бойынша 180 келісімшарт жасасу және 240 ұсыныс әзірлеу көзделуде.
Үшінші бағыт «Экспортқа бағдарланған өндірісті қолдау» бойынша субсидиялау туралы 15 келісімшарт жасалынған. Кредиттік портфель сомасы 24,1 млрд. теңгені құрайды. 2011 жылы осы бағыт бойынша субсидиялау туралы тағы 30 келісімшарт жасасу көзделген.
2011 жылдан бастап «Даму» Қоры бағдарламаның «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» деп аталатын жаңа 4-ші бағытының операторы болып белгіленді. Онда жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді қолдау, жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету, шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту, шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті жаңғыртып, оны кеңейтуге көмектесу, нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар дайындау және қайта даярлау тәрізді қолдау тетіктері қарастырылған.
Кәсіпкерлерді қаржылай емес құралдармен қолдау Қор қызметінің маңызды бағыты болып отыр.
2010 жылы еліміздің 209 аудан қалаларын қамтыған «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы бойынша 16 504 тыңдаушы дәріс алған. 2011 жылы өткізу жоспарланған екі кезең ішінде кемінде 20 мың адам оқытылады деп жобалануда.
Сондай-ақ, 2010 жылы Қордың қолдауымен Хабар телеарнасының эфирі арқылы «Бір Болайық»/«Вместе» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді қолдауға бағдарланған тележобаның 24 бағдарламасы көрсетілген.
Осы күні Қор кәсіпкерлік мәселелеріне арналған біріңғай Call-Орталық құру үстінде және ол тестілеу сатысынан өтіп жатыр. 2011 жылдың наурыз айынан бастап Call-Орталық толыққанды жұмыс тәртібіне көшіп, Қазақстанның барлық аумағын қамтымақ. Бұған қоса, «Даму» Қоры тестілеу мақсатымен ШОБ субъектілеріне қашықтықтан қызмет көрсететін Бизнес-порталды іске қосқан. Бұл портал да 2011 жылдың наурызында толыққанды жұмыс тәртібіне көшіріліп, пайдаланушылар саны күніне 400 адам болады деп күтілуде.
2011 жылға арналған Қордың қолданыстағы және жаңа бағдарламалары бойынша әріптес-банктердің игеретін қаражатының жобалық мөлшері 112 млрд. теңге шамасында болады, оның ішінде 34,5 млрд. теңге жаңа бағдарламаларға бағытталады деп күтілуде. Бұл сомаға Қор 2011 жылы кредиттеу, лизинг, факторинг және т.б. құралдар арқылы қаржылық қолдау көрсетуді көздеп отыр.