Даму турниріне қатысатын футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының UEFA Даму турниріне қатысатын ойыншылар тізімі анықталды. 

Даму турниріне қатысатын футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды
Фото: Дамир Серік /ҚФФ

Халықаралық турнир Беларусь астанасы Минск қаласында 13-18 cәуір аарлығында өтеді. Қарсыластары — Қытай, Белрусь және Ресей.

Аға бапкер Бауыржан Сағындық төмендегі футболшыларға сенім артты.

Ойыншылар тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Астана»), Богдан Воднев («Қайрат»);

Қорғаушылар: Нұрислам Әлихан («Ордабасы»), Андрей Беляев («Астана»), Әлихан Рамазанов, Мәди Мұқашев, Мансұр Авасханов (барлығы — «Қайрат»), Акбар Сәденов («Ақтөбе»), Данил Золкин («Шахтер»), Ерасыл Сәрсенбай («Джейран»);

Жартылай қорғаушылар: Алан Луканин («Жас Қыран»), Арда Ақжан («Ордабасы»), Ислам Рахым, Дамир Юсупбеков (екеуі — «Қайрат»), Ернұр Сайлауов («Ертіс»), Расул Әкімов («Шахтер»);

Шабуылшылар: Абылай Жылқайдар, Әділбек Турдах, Абдуллах Бегалы (барлығы — «Қайрат»), Жоламан Мағзұм («Каспий»), Александр Яковлев («Шахтер»), Амандық Хамидуллин («Астана»), Мадияр Есен («Ертіс»).

Қазақстандық футболшылар 13 сәуірде Беларусьпен кездессе, одан кейін 15 сәуірде Қытай, 18 сәуірде Ресеймен жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады.

 

Соңғы жаңалықтар