Дамудың темірқазығына айналған құжат
Қазір елімізде өтетін екі алқалы жиынның бірі Еуразия тақырыбына арналатын болды. Бұл заңды да. Өйткені, ол дамудың даңғыл жолына бастайтын темірқазығымызға айналды.
Еуразиялық экономикалық одақтың кең байтақ еліміз Қазақстан үшін маңызы өте-мөте зор. Оның құрылуы аймағымызда маңызды геостратегиялық, геосаяси, экономикалық және геомәдени бетбұрыстардың болып жатқанын көрсетеді. Әрине,мұны тарихи маңызды құжатқа қол қойған әрбір мемлекет өз мүддесі тұрғысынан терең түсінеді және оның бір ортақ игілікке негізделгенін бірауыздан құптайды.Өйткені, халықтың әл-ауқатын жақсатртуға, ол үшін экономкалық өзара қарым-қатынастарды тиімді жүргізуге сол елдің басшылары терең мүдделікпен қарайтындығы еш күмәін тудырмайды. Бұл ретте Елбасының жоғары көшбашылық тұғырда тұрғандығы қуантады.
Елбасы идеясының бастауында еуразияшылдықтың орны өте үлкен. Елбасы кеңестік экономиканың құрылымын, мүмкіндіктерін, басқару тетіктері мен нақты жағдайын жақсы білгендіктен, 90-жылдардың басынан-ақ шашыраған посткеңестік экономикаларды қайтадан біріктірудің амалдарын ойластырды. Өйткені, Қазақстанның экономикалық шаруашылығы, өндірісі мен өнеркәсібі Ресей мен өзге кеңестік елдермен ажырамастай тығыз байланыста.
Қалай болғанда да, үш мемлекеттің одақ құруы КСРО-ның саяси ыдырауынан кейін пайда болған идеологиялық бос кеңістіктің орнын толтыруға, мемлекетаралық индустриялық-экономикалық қатынастардың үзілуінің келеңсіз салдарларын жұмсартуға және ұлтаралық-еларалық қатынастарды нығайтуға бағытталып отыр..Оның басқа да артықшылықтары көп.
Интеграция шеңберінде Ресей, немесе Беларусь жағы ең алдымен,бірінші кезекте өз мүдделерін қорғайды.Сондықтан олармен әділ, ашық және шынайы тең құқықтық жағдайда жақсы қарым-қатын\ас орната алсақ қана интеграция өз жемісін береді.Әсіресе, Ресеймен қарым-қатыныстың маңызы ерекше. Өйткені, ол көпполярлы әлемді мойындатқан ел.Осы тұрғыдан келгенде, Қазақстан-Ресейдің ең сенімді серіктес. Ресей де сол секілді...Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуының тиімді жақтары мен себептеріне оның Ресей экономикасымен күрделі байланыстылығын жатқызған жөн.
Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан үшін тиімді жақтарын көп айтуға болады. Әсіресе,Астана үшін артықшылықтары басым. Өйткені, қазір қазақтың саяси элитасы және елдің ішкі тұрақтылығы үшін интеграция өте-мөте тиімді. Қазақстанның геосаяси тұрақтылық жағдайында күшейіп алуы үшін Ресейді Батыспен немесе Қытаймен салыстыруға болмайды. Елдің болашағы тұрғысынан Ресеймен жақын ынтымақтаса отырып, оның экономикасымен бәсекелесіп, ысылып барып, дүниежүзілік бәсекелестікке дайын, қуатты Қазақ мемлекетін қалыптастыру мүмкіндігі зор екендігін байқаймыз.
Әрине, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа енуі - үлкен саясатпен шектесетін үлкен экономика.Бұл дұыс таңдау жолы екендігі, дамудың темір қазығы екендігі еш дау туғызбайды.