«Данас» тайфуны: 500-ден астам адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Тайваньда «Данас» тайфунының соққысы салдарынан екі адам қаза тауып, 500-ден астамы жарақат алды, деп хабарлайды Kazinform Reuters 

«Данас» тайфуны: 500-ден астам адам зардап шекті
Фото: freepik.com

Бір адам үстіне ағаш құлап қаза тапса, екіншісі электр қуатының өшуіне байланысты респиратордың істен шығуынан көз жұмды.

Желдің жылдамдығы 220 км/сағ дейін жетті. Дауылдың салдарынан батыс жағалаудағы кәсіпорындар мен мектептер жабылды. 700 мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалды. Құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. 300-ден астам әуе рейсі тоқтатылды. Тайфун теміржол қатынасына да кері әсерін тигізді.

Синоптиктердің мәліметінше, апта соңында тайфун Қытайдың шығыс жағына жетеді.

Бұған дейін Қытайдың оңтүстігіне 2025 жылғы алғашқы тайфун соғуы мүмкін екені хабарланған еді. 

Айта кетелік Қытайдың оңтүстігіндегі тайфун салдарынан он мыңнан астам адам эвакуацияланды

Соңғы жаңалықтар