08:44, 25 Сәуір 2013 | GMT +5
Дәнекерлеу кезінде жұмысшы зардап шекті - Ақтөбе облысы
АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында «Жаңажол» кен орнында газ ауаға таралып, жарылыс орын алған.
Бұл туралы ҚР ТЖМ мәлімдеп отыр.
23 сәуір күні дәнекерлеу жұмыстарының барысында 200 литрлік сыйымдылықтағы газ ауаға таралып, жарылыс болды. Оқиға салдарынан 26 жастағы дәнекерлеуші зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді.