Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде қола жүлде алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савинье қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үздік үштікке енді.

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде қола жүлде алды
Фото: ҰОК

Отандасымыз 250,7 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді. 

Жарыстың жеңімпазы – польшалық Адам Нижник (268,3 ұпай). Ал екінші орынға словениялық Эней Фалетич (266,1 ұпай) тұрақтады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында екінші орын алған болатын. 

Соңғы жаңалықтар