20:36, 27 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде күміс жүлде алды
АСТАНА. KAZINFORM – Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев Германияның Хинтерцартен қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде 2-орынға ие болды.

Отандасымыз финалдық кезеңде 229,6 ұпай жинап, екінші орынға қол жеткізді.
Қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан аустриялық спортшы Юлиан Шмид (229,8) жарыс жеңімпазы болды. Ал, словениялық Рок Облак 229,6 ұпай жинап, Васильевпен бірге екінші орынды бөлісті.
Айта кетейік, осыған дейін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савинье қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үздік үштікке енген болатын.