Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында екінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Польшаның Висла қаласында өтіп жатқан шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында қазақстандық Данил Васильев 2-орын алды.

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында екінші орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз финалда барлығы 119.3 ұпай жинады. Бұл сайыста аустриялық Никлас Бахлингер топ жарса, үздік үштікті Владимир Зогфарски түйіндеді.

Айта кетсек, аталған көрсеткіштің нәтижесінде Данил Васильев 2026 жылғы Милан Олимпиадасының лицензиясына тағы бір табан жақындай түсті. Вислада қол жеткізген ұпайлар оның Халықаралық шаңғышылар федерациясының рейтингіндегі орнын жақсартты.

Еске салсақ, ақпан айында Данил Васильев Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жеңіс тұғырынан көрінді. 

Соңғы жаңалықтар