21:08, 21 Тамыз 2016 | GMT +5
Дания бадминтоншысы қола жүлде алып тұрып қытай телеарнасына сол елдің тілінде сұхбат берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияның бадминтоннан құрамасының мүшесі Виктор Аксельсен үшінші орынға сайысты қытайлық Линь Данды ұтып, Рио Олимпиадасының қола медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Eurosport.

Марапаттаудан кейін Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасының тілшісі Аксельсенге келіп одан сұхбат беруін өтінген. Дат спортшысы журналиске келісімін беріп, тікелей эфирде қытайдың мандарин диалектісінде өз ойын жеткізген.
Сондай-ақ ол екі жылдан бері онлайн курстар арқылы қытай тілін үйреніп жүргенін жеткізген.
Еске сала кетсек, өз спорт түрінен Виктор Аксельсен қазіргі Еуропа чемпионы.