Дания Еспаеваның штабы байдаркада есуден Оралдың ашық біріншілігін өткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның штабы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай байдарка және каноэда ескек есуден Орал ашық біріншілігін өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Дания Еспаеваның штабы байдаркада есуден Оралдың ашық біріншілігін өткізді

Турнирге Қазақстанның әр қалалары: Түркістан, Алматы, Шымкент, Теміртау, Атырау және Орал қалаларынан келген 120-дан астам адам қатысты. Барлық қатысушылар жоғары нәтиже көрсетіп, диплом және медальдармен марапатталды.

Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенттігіне үміткер 7 кандидатты тіркеді.

27 мамырда ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қаласы Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті.

Президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық-заң колледжінде жас сайлаушылармен кездесті. Оқытушылар мен студенттер үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысты.

Әміржан Қосанов штабының белсенділері төрт өңірде кездесулер өткізді.

Сәдібек Тугелдің белсенділері өнер және қолөнерден мастер-класс ұйымдастырды. Төлеутай Рахымбековтің қоғамдық штабы 300-ге жуық іс-шара өткізді.

28 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Түркістан облысында болды.