Дания өкілі қазақтың алтыбақанына ғашық болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға информатикадан халықаралық олимпиадаға Даниядан келген Эллен Крогх қазақтың ұлттық тағамдары мен алтыбақанын ұнатып қалды.

«Бүгін этноауылға барған кезде бізге үлкен дастархан жайды. Мен ештеңеден тартынбай, барлық тағамның дәмін татып көрдім. Ет, бауырсақ, шұбат ішіп көрдім. Қыздардың мың бұралған биі көңілімді жаулады», - деді ол. Дания өкілі жасының егделігіне қарамастан, алтыбақанға шығып тербетіліп те алған. «Аспанда қалықтап бара жатқандай әсерде болдым», - деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда информатика пəнінен халықаралық олимпиада өтіп жатыр. Оған əлемнің 83 елінен 630 делегат келді. 2 тамызға дейін жалғасатын білім додасында 324 оқушы бақ сынап жатыр. Олимпиаданың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау тамыздың 1-і күні Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар