Данияда әйелдер де әскери борышын өтеуге міндеттелді

АСТАНА. KAZINFORM – 1 шілдеден бастап кәмелеттік жасқа толған дат әйелдері әскери қызметке шақырылады. Данияда әскери қызметке шақыру еріктілердің жетіспейтіндіктен, солардың орнын толтыру үшін лотерея жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы DW жазды. 

Данияда әйелдер де әскери борышын өтеуге міндеттелді
Фото: DW

Дания үкіметі әйелдер үшін міндетті әскери қызметті енгізіп отыр. 18 жасқа толған дат әйелдері әскери қызметке шілде айының басында шақырылатын болады. Бұрын жоспарланғаннан әлдеқайда ертерек кірісуі мүмкін, деді Корольдіктің қорғаныс министрі Троэлс Лунд Поулсен.

— Қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік саласындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, қарулы күштер әскерге көбірек шақырылғандарды тартуы керек, — деді ол. 

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап әскери қызметке шақыру мәселесінде ерлер мен әйелдердің толық теңдігіне қол жеткізу осыған байланысты маңызды сигнал болмақ.

Бастапқыда дат әйелдері 2027 жылдан бастап әскери қызметке шақырылады деп жоспарланған болатын. Сол шешіммен міндетті әскери қызмет мерзімі төрт айдан он бір айға дейін ұзартылды. Әйелдер қазір Дания қарулы күштерінде тек ерікті түрде қызмет етеді.

Данияда міндетті әскери қызметке шақыру еріктілердің жеткілікті саны алынған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Нақты кім шақырылатынын жыл сайынғы лотерея анықтайды, деп жазады AFP.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дания мемлекеті әлемдегі ең бақытты елдердің тізімінде екінші орында екенін жазған болатынбыз.  

Соңғы жаңалықтар