Данияр Ақышев өзге банктен ақша шешкенде алынатын комиссиялар туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында өзге банктен ақша шешу барысында ұсталатын комиссия туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шынымен де, өзге банктен ақша шешкен кезде комиссия ұсталуы ықтимал. Бұл заң бойынша шешілген және эмитетент банктің шығындарын жабуға бағытталған. Ұлттық банк бұл комиссияларды азайтуға барынша күш салуда. Болашақта банкомат арқылы ақша шешу көрсеткіші азайып, нақты ақшасыз төлем көлемі көбейетін болады. Мобильді төлемдердің кеңеюінің арқасында бұл мәселе өз шешімін табады деген ойдамыз», - деді Ақышев.

Айта кетейік, осы сәтте Ұлттық банк басшысының онлайн-конференциясы өтіп жатыр. 12 ақпаннан бері Данияр Ақышевтың атына 300-ден астам сауал жолданған. Келіп түскен сұрақ мазмұндарына көз жүгіртсек, қазақстандықтарды банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, сондай-ақ басқа да мәселелер толғандырып отырғаны байқалады.

Соңғы жаңалықтар