Данияр Ақышевпен онлайн-конференция: Зейнетақы қаражаты, теңге бағамы, криптовалюта...

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың онлайн-конференциясы өтті.
None
None

Бас банкир «ҚазАқпарат» ХАА сайтына, әлеуметтік желілер мен Ұлттық банкінің мобильді қосымшасы арқылы келіп түскен, өңірлік БАҚ өкілдері мен Алматы, Астана журналистерінің 50 шақты сауалына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлығы онлайн-конференция барысында Ұлттық банк басшысына 300-ден астам сұрақ келіп түскен.

Данияр Ақышев негізінен банк секторын дамыту, несие мөлшерлемесі, айырбас пункттері мен криптовалюталар, кибершабуылдардан қорғану, зейнеткерлердің қаржысын сақтау сияқты басты мәселелерге тоқталды.

ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев мемлекет басшысы айтқан сынға қатысты да жауап берді.

«Ұлттық банк 2008-2009 жылдардан бері қордаланған мәселелерді шешуде қаржылық реттеуші ретінде кешігіп қалғаны рас. Статистика көрсеткендей, нашар кредиттер портфелінің 90 пайызы 2006 жылдан бастап берілген. Яғни, несие ресурстарын дұрыс басқармаған банктердің жұмысы бірнеше жыл бойы қордалана келе жақында ғана жария болды», - деді Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар, Д. Ақышев жыл басынан бері теңге бағамы 4 %-ға артқанын айтты.

«Жыл басынан бері теңге 4 пайызға нығайған. Теңгеге сұраныс қаңтарда артты. ЕДБ қаңтар айында 830 млрд теңге көлемінде несие берген. Несие бойынша пайыздық көрсеткіш 14,7%-ға жетті», - деді бас банкир.

Оның айтуынша, кейде сарапшылардың болжамы да теңге төңірегіндегі қауесетке мұрындық болады.

«Негізі біздің зерттеуіміз бойынша, қоғамға негативті болжам ұнайды. Бірақ, бүгінде болжам жасап жүрген сарапшылардың көпшілігі уақыт көрсеткендей, қаржы саласын толық білмейтін болып шықты. Долларға қатысты теңге бағамы 400 болады деген болжамдардың бірі де орындалған жоқ», - деді Данияр Ақышев.

ҚР Ұлттық банк төрағасы қазақстандықтарға пирамиданың тұзағына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді.

«Қаржы пирамидаларының жұмысы өте жақсы ұйымдастырылған. Олар неше түрлі қитұрқы әрекетке барады. Ұлттық банктің сайтында қаржы пирамидасының тұзағына түсіп қалмаудың арнайы жадынамасы көрсетілген»,- деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ ол Қазақстанда ислам банкингі неге қанатын жайып кете алмай жатқаны туралы да айтып берді.

Оның мәлімдеуінше, 2008 жылы ислам банктерінің Қазақстанда жұмыс жасауына барлық қажетті жағдай жасалған.

«Алайда қазір Қазақстанда толыққанды тек 1 ислам банкі ғана жұмыс істеп келеді. Екінші ислам банкі бірінші банкке қосылу қадамының алдында тұр. Ислам банкі Қазақстанда әлі де кең тарай қойған жоқтығын көріп отырмыз. Ислам банктері активтерінің барлық банк активтеріндегі үлесі тек 0,2 пайызды құрап отыр», - деді Ақышев.

Данияр Ақышев БЖЗҚ базасындағы мәліметтердің сақталатынына да кепілдік берді.

«Бірінші несие бюросы» компаниясы - несие алушының несие тарихы туралы обьективті ақпарат беретін компания. Банктер осы ақпараттардың арқасында несие беру-бермеу туралы шешім қабылдай алады. Несие бюросының реестрінде мәлімет неғұрлым көп болса, соғұрлым банктердің дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік болады», - деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, ешкім зейнеткерлердің шоты туралы ақпаратты ала алмайды. «Осы бағытта әріптестік арналары жоқ. Зейнеткерлердің ақшасы туралы ақпаратты ешкім алуға ұмтылып отырған жоқ. Бұл жерде БЖЗҚ салым�/>

Загрузить

Начало:

Соңғы жаңалықтар