Данияр Елеусінов әлемдік рейтингте бірден 335 орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісінен кейін Boxrec.com сайтының рейтингінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол жартылай орта салмақтағы рейтингте 681-ші орыннан 346-шы орынға бір-ақ көтерілді. Бірінші орында аустралиялық боксшы, WBO  титулын иеленген Джефф Хорн (18-0-1, 12 КО) көш бастап тұр.

Еске салайық, Лондондағы (Ұлыбритания) бокс кешінің аясында Елеусінов төрешілердің бірауызды шешімімен (60-54) венгриялық Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.

Данияр өзінің үшінші жекпе-жегін Лондонда O2 Arena-да өткізеді. Ол 28 шілдеде өтеді, қарсыласы әзірге белгісіз.

Елеусіновтің дебюті 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өткен болатын. Ол америкалық боксшы Ноа Кидданы (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. 

Соңғы жаңалықтар