11:55, 20 Тамыз 2016 | GMT +5
Данияр Елеусінов: Осы дәрежеге жеткізген əкеме мың да бір алғыс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы дәрежеге жеткізген əкеме мың да бір алғыс, деп жазды instagram-дағы жеке парақшасында Рио-де-Жанейрода Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов.

«Əкеме мың да бір алғыс! Осы дәрежеге тәрбиелеп,өсіріп жеткізген əкем! Менің жеке бапкерім осы кісі. Спорт залға аяқ аттап кірген күннен бастап,осы олимп шыңына жеткен күнге дейін!!!Аллаға шүкір!!!»,-деді ол ағынан ақтарыла.