Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Менеджер Зия Алиевтің ақпараты бойынша, жеңіліп көрмеген қазақстандық бокс шебері Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін биыл сәуір айында өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.
None
None

Елеусіновтің айқасы 2020 жылдың 17 сәуірінде Оксон Хиллдегі (АҚШ) «MGM National Harbor» аренасында өтеді. Бокс кешінің негізгі жекпе-жегі америкалық Рейджис Прогрейтс пен оның отандасы Морис Хукер арасында болмақ.

Қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, былтыр 20 желтоқсанда АҚШ-та өткен айқасында Елеусінов америкалық боксшы Алан Санчесті техникалық нокаутпен жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар