10:40, 05 Тамыз 2021 | GMT +5
Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты
ТОКИО. ҚазАқпарат - Еркін күрестен 74 келідегі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Данияр Қайсанов ширек финалдағы бәсекені жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап..
Данияр Қайсанов ширек финалда египеттік Әмір Реда Хуссенмен кездесіп, 8:5 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Данияр Қайсанов әлем чемпионы, ресейлік Заурбек Сидаковпен кездеседі.
Белдесу елорда уақытымен 15:00-ге жоспарланған.