Данияр Сарекенов қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Фото: Kazinform

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Данияр Сарекенов Қазақстан Сыртқы істер министрлігі құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2007-2011 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі, министр-кеңесшісі болды. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаменті директорының орынбасары,

2013 жылы Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің Министр-кеңесшісі, 2013-2019 жылдары Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі болды.

2019 жылдың мамырында ол Индонезиядағы елші болды.

2024 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар