Данияр Юлдашев Олимпиада ойындарында алғашқы ұпайын алды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында каратеден соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Бүгін Қазақстан сапынан екі спортшы сынға түсуде. Олар – Софья Берульцева мен Данияр Юлдашев.

Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсіп жатыр.

Алғашқы кезеңде Данияр Юлдашев германия Йонатан Хорнемен кездесіп, 4:4 есебімен тең түсті. Осылайша, алғашқы бір ұпайын еншіледі.

Юлдашев келесіде жапониялық каратэшімен кездеседі.


Соңғы жаңалықтар