17:22, 03 Маусым 2015 | GMT +5
Daqri вице-президенті Н.Назарбаевқа ҚР-дағы инновациялық дамуға қолдау көрсету ниетін білдірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Daqri компаниясының вице-президенті Брайан Хамилтонмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар инновациялық технологиялар саласында жұмыс жүргізетін компанияның Қазақстанда бастаған қызметінің перспективасын талқылады.
Кездесу барысында Мемлекет басшысына өнеркәсіп саласында қолдануға арналған әзірлемелер таныстырылды.
Б.Хамилтон компанияның мамандарды өз тәжірибелері негізінде оқытуды жолға қою арқылы Қазақстандағы инновациялық дамуға қолдау көрсетуге ниетті екенін білдірді. Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға әзір екенін атап көрсетті.