«Дарьял-У» нысанындағы іздеу-құтқару жұмыстары үшін төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері ведомстволық наградалар алды - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық стансасындағы іздеу-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге белсенді атсалысқандары үшін Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері ведомстволық наградалармен атап өтілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
None
None

Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде көрсеткен жеделдіктері, кәсібиліктері үшін, сондай-ақ азаматтық борыштарын адал атқарғандары үшін, Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен

құтқарушылар Нұрлан Әбдікеев пен Дулат Сақабаев және кинолог Ольга Ошақбаева «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ықсан Жемеғұлов пен төтенше жағдайлар департаментінің «Жедел-құтқарушы отряды» мемлекеттік мекемесінің іздеу-құтқару қызметінің бастығы Сергей Ракуль министрліктің Құрмет грамоталарын алды. Департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасының бөлім басшысы Жеңіс Мәжитов Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен атап өтілді.

Наградаларды оларға салтанатты жағдайда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрбек Құнанбаев табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының 22-сі күні бұрынғы әскери қалашықтың аумағындағы «Дарьял-У» радиолокациялық нысанын өз беттерінше бөлшектеу барысында ғимараттың 250 шаршы метр аумағы опырылып құлаған болатын. Үйінділердің астында Балқаш қаласының бес тұрғыны қалып қояды. Олардың біреуі құтқарылып, Балқаш ауруханасына жеткізіледі. Оқиға орнында қаза болған тағы бір адамның денесі тез табылады. Үйіндінің астында қалып қойған қалған үш адамның денелері қаңтардың 28-і, 31-і және ақпанның 1-і күндері табылды.

Соңғы жаңалықтар