Дәрігерлер Костенко шахтасында жапа шеккен кеншілердің жағдайы туралы айтты

Дәрігер
Фото: Кazinform

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаларға 18 адам жеткізілді. Бір адам реанимацияда жатыр, деп хабарлайды Кazinform.

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде.

"Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді.

15 адам Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Х.Ж.Мақажанов клиникасына көміртегі тотығымен улану белгісімен түсті. Біреуі ауыр дәрежеде көміртегі тотығымен улану, қалғандары жеңіл және орташа дәрежеде улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екеуі Михайловкадағы Х.Ж. Мақажанов клиникасына түсті: біреуі реанимацияда ауыр жағдайда, екіншісі операциядан кейін травматология бөлімінде жатыр.

Сонымен, стационарға 17 адам жатқызылды, бір адам амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, бүгін таңертең Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмғанын, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілгенін жазған едік.

Артынша тағы бес кеншінің денесі табылып, құрбан болғандар саны 16-ға жетті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Одан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады

Соңғы жаңалықтар