21:30, 21 Тамыз 2023 | GMT +5
Дархан Қыдырәлі Telegram желісінен арна ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Telegram арна ашты. Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сіздерге айтар екі жаңалығым бар. Біріншісі, Telegram-арна аштым. Бұл көптен көкейде жүрген жоспар еді. Онда салаға қатысты ой-пікірлерімді жариялап отыруға тырысамын.
Екіншісі, бүгіннен бастап «Өзекті» атты YouTube жобаны бастадық. Жобада қоғамда көп талқыланған өзекті мәселелерге жауап іздейміз. Алғашқы шығарылымды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар», - деген министр.