01:35, 20 Ақпан 2016 | GMT +5
Дархан Қыдырәлі Түркі кеңесінің бас хатшысымен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті Дархан Қыдырәлі Ыстамбұлда Түркі кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Хасановпен кездесті, деп хабарлайды академияның баспасөз қызметі.

Түркияда жұмыс сапарымен жүрген Д.Қыдырәлі мен Р.Хасанов кездесуде өзара серіктес ұйымдардың бүгінгі қызметі мен келешектегі жоспарлары жөнінде кеңінен сөз етті. Сондай-ақ, арадағы ынтымақтастықты нығайта түсу үшін бірлескен жобалар жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.
Д.Қыдырәлі кездесу соңында Түркі академиясы тарапынан әзірленіп, жарияланған құнды басылымдарды тарту етті.