Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дархан Сатыбалды
Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауылшаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.

2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.

2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.

2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің
Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.

2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.

2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.

2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.

Дархан Сатыбалды Түркістан облысы әкімі лауазымында несімен есте қалғанын жазған болатынбыз.

Биыл, 2025 жылғы қаңтарда ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар