11:35, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды
ШЫМКЕНТ. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Дархан Сатыбалды тағайындалды.

Бүгін оның кандидатурасын қалалық мәслихаттың депутаттары мақұлдады. Халық қалаулыларына шаһардың жаңа басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі таныстырды.
1974 жылы Сарыағаш ауданында туған Дархан Сатыбалды соңғы жылдары ҚР Үкіметінде еңбек етті. Үйленген, 3 қызы бар.
Шымкенттің бұрынғы әкімі денсаулығына байланысты өз еркімен қызметін босатты. Қайрат Молдасейітов бір жылдан астам уақыт бойы шаһардың тізгінін ұстады.