17:43, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Дәрі-дәрмек бағалары тұрақтандырылды
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – Тараздың ірі фармацевтік компанияларының басшылары облыс дәріханаларында бірінші кезектегі қажетті дәрі-дәрмек препараттарының бағалары бүгінгі күні көтерілмеген күйі қалып отырғанын қуаттап, қала және облыс халқына мәлімдеме жасады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Халықтың әлеуметтік тұрмысы төмен бөлігіне қолдау көрсету мақсатында облыс провизорлары мен фармацевтері қауымдастығы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, бағаның тұрақтылығын сақтап қалу туралы шешім қабылдады.«Әлемдік дағдарыс жағдайында мұндай қадамға барудың оңай еместігін біздер жақсы түсінеміз, ? делінген мәлімдемеде. ? Облыста халықтың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген бағамен қамтамасыз ету бойынша дәрі-дәрмектерді босатудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау басталды. Осы бағдарлама бойынша жеткізіп беруші-жеңімпаздар, өз кезегінде, оны толық көлемде орындауға кепілдік береді. Мемлекеттен дәрі-дәрмек дотациясын алатын контингенттің ешқайсысы да зардап шекпейді».