Дариға Назарбаева: Депутаттық сауалдың орындалуын қадағалау керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаторлар мәселелерді Үкіметке депутаттық сауал ретінде жеткізіп қана қоймай, орындалуын қадағалау керек. Бұл туралы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін 2020 жылғы Сенаттың алғашқы жалпы отырысын бастаймыз. Жыл басында депутаттар өңірлерде сапарларда болып, олардың жағдайын, заңдар мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы деңгейін көріп, жергілікті өкілді органдардың жұмыстарымен танысты. Еліміздің түпкір-түпкірінде қазақстандықтарды алаңдатып отырған жергілікті жерлердегі шешімі табылмаған мәселелерді көзбе-көз көріп, шешімін табуды қажет ететін сұрақтарды тыңдап қайтты. Енді оларды шешу жолдарын қарастыру қажет», - деп тоқталды Д. Назарбаева.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселелердің көпшілігі депутаттық сауалдар мен сұрақтарға негіз болады. Парламенттік тыңдауларда, үкімет сағаттарында және түрлі кездесулерде көтеріліп, ұсынымдарға енгізіліп, комитеттердің жұмыс жоспарларында ескеріледі.

«Үкіметке депутаттық сауал ретінде жеткізіп қана қоймай, орындалуын қадағалау керек. Бұл үшін депутатқа берілген мүмкіндіктерді толығымен пайдаланыңыздар», - деді Сенат Төрағасы.



Соңғы жаңалықтар