Дариға Назарбаева елордадағы Оқушылар сарайында дауыс берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ҚР Президенті сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенат спикері дауыс беру үшін елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 58-ші сайлау учаскесіне келді. Дауыс беру рәсімінен кейін Д. Назарбаева Сербиядан келген халықаралық байқаушы Драгомир Каричпен пікір алмасты.

Айта кетейік, бұл учаскеде 3 417 сайлаушы тіркелген. Сағат 07:00-ден бастап бұл жерде дауыс берушілердің белсендігін байқауға болады.

Осы сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Іргебаеваның сөзіне қарағанда, таңертеңнен бері байқаушылар тарапынан ескертулер болмады.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7:00-20:00 аралығы) болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де - Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де ашылды.

null

Соңғы жаңалықтар