Дәрігерлер Алакөлде тас тиіп, жарақат алған қыздың жағдайы туралы айтты

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алакөл жағасында мас ер адамның лақтырған тасынан зардап шеккен 8 жасар қыз амбулаторлық емделуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алакөл аудандық ауруханасына 2014 жылы туған қыз бала түсті. Кезекші дәрігер мен хирург науқасты толық қарап шықты. Басына тас тиіп, жарақат алған оқушыға бірден ми томографиясы жасалды. Оған оң жақ маңдайының жарақаты мен жұмсақ тіндерінің көгеруі диагнозы қойылды. Ата-анасымен келген қызға амбулаторлық ем тағайындалды», - деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

10 шілде күні Ақши ауылында мас ер адам бала-шағасы бар отбасы отырған көлікке тас лақтырған. Салдарынан 8 жасар қыз бен көлік зардап шекті.

Полицейлер жедел-іздестіру барысында Жаркент қаласының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ішімдік ішкендіктен, осындай бұзақылық жасағанын түсіндірді.



Соңғы жаңалықтар
telegram