Дәрігерлер екі бүйректегі тастарды бір мезгілде алуды үйренді
Атап айтқанда, хирург-дәрігерлер бір мезгілде екі жақты уретероскопия жасауды ұсынып отыр. Алдымен дәрігерлер тастардың орналасуы көрсетілген бүйректің суретін алып, уретероскоппен тастарды тауып алады. Одан соң тастарды бөлшектейтін лазерды пайдаланады.
Жалпы, бұған дейін дәрігерлер әр бүйрекке жеке-жеке ота жасап келген болатын. Айта кетерлігі,10-15% ер адамдар мен 2-7% әйелдердің бүйрегінде тас бары анықталып отыр. Көбінесе бұл диагноз 30-60 жас аралығындағы адамдарға қойылады. Мамандар ұсынған жаңа әдістің көмегімен аталмыш дертке шалдыққан науқастарды оңалту кезінде жиі кездесетін тәуекелді азайтуға болады.
Бүгінде тың әдіске қатысты бірқатар дәрігерлер алаңдап отырғандарын жеткізді. Олардың пікірінше, ота кезінде бүйрекке зақым келу қаупі бар. Соған қарамастан, бүгінде 22 науқасқа аталмыш әдіспен ота жасалған. Науқастардың төрттен үші немесе 92 % ота жаслаған күні-ақ үйлеріне оралса, ал қалған 8 пайызында отадан соң асқыну пайда болған.