Дәрігерлер көлік қаққан астаналық оқушылардың денсаулық жағдайы туралы айтты

Көлік қаққан қыздардың бірі үйіне қайтарылған. Екіншісіне кеше кешке ота жасалды. Қазіргі уақытта соңғысы жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің болжауынша, ол ауруханада дүйсенбіге дейін жатуы мүмкін.
Отаны аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Ұлыбек Асылбеков жасаған.
«Ол біршама жарақат алған. Миына, өкпесіне, жүрегі мен бүйрегіне зақым келген. Жамбасы сынған, басы жарылған. Әрине, жарақаты ауыр, бірақ өз аяғымен жүріп кетеді», - деді ол.
Еске сала кетсек, кеше «Лексусты» тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қарамай, жүргіншілер жолағында үш баланы қағып кеткен болатын. Оқиға салдарынан 10 және 16 жастағы балалар әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Ал 10 жастағы тағы бір бала дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне қайтарылды.
ІІД-ден хабарлағандай, жүргізуші өз жауабында көңілі ұялы телефонға бөлініп кеткенін айтқан. Астана қаласының ІІД ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.