Дәрігерлер Сәтбаевта оқ тиіп ауруханаға түскен жігіттің жағдайын айтты

Сәтбаевта болған оқиға салдарынан 1998 жылы туған ер адам 18 қазан күні сағат 20.09-да Жезқазған қаласындағы облыстық көпсалалы аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген болатын.
Жәбірленушінің оқ жарақатынан оң жамбасы мен жыныс мүшелері зақымданған.
«Сонымен қатар, арқасынан жауырындардың аралығы пышақпен жарақатталған. Сүйектері аман. Шұғыл түрде жедел емделуге алынып, одан әрі урологиялық бөлімшеге жатқызылды» деп мәлім етті дәрігерлер.
Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бүгін науқастың дәрігерлер шешімімен науқастың басқа бөлімге ауыстырылғанын хабарлады.
«Пациенттің жағдайы тұрақты. Қазір ол травматология бөліміне ауыстырылды, өйткені жарақаттары басым. Сонымен қатар ол урологтардың да бақылауында болады. Тиісті емін алып, жарақаты қайта таңылып жатыр», - деп хабарлады ведомствода.
Еске сала кетейік, кеше Сәтбаев қаласында белгісіз біреулер 24 жастағы жігітке оқ атқан болатын.
Бүгін осы оқиғаға қатысты екі күдікті ұсталды.
Видеодан алынған кадр