Дәрілік препараттарды сатып алу жөніндегі бірінші ашық тендердің нәтижелері шығарылды

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «СК-Фармация» компаниясының басшылығы дәрі-дәрмектерді сатып алу жөніндегі бірінші ашық тендердің нәтижелері туралы журналистерге баян етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 13-інде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектерді сатып алу жөніндегі тендер нәтижелері жұртшылық пен БАҚ өкілдеріне байқау аяқталғаннан кейін жарияланатыны айтылған болатын. Өткізілген байқаудың нәтижелері бойынша екінші жартыжылдықта сатып алынған дәрі-дәрмектердің жалпы сомасы жоспарланған 1,8 млрд. теңгенің 1 млрд-тан астамын құрады. Аталмыш іс-шараға дәрі-дәрмектердің 27 атауы қатысты. Оның 16-сы отандық фармөндірушілер болса, ал қалған 11-і ? шетелдік өнімдер.«Бірінші рет біздің елімізде отандық фармацевтикалық зауыттар арасында тендер өткізілді. Біз егер дәрі-дәрмектерді тікелей зауыттардан сатып алсақ, екі есе арзанға түсетіндігін бұрын да айтқанбыз. Егер Үкіметтің тапсырысы болса, фармацевтикалық кәсіпорындардың арасында осындай тендерлер өткізіліп отырса, зауыттар өздерінің жаңа желілерін қойып отырса, біз 2014 жылы отандық дәрі-дәрмектерді шығаруды 50 пайызға жеткізе аламыз», - деп атап өтті «СК-Фармация» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі Серік Сұлтанов.ҚазАқпарат анықтамасы: «СК-Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпан айында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында дәрі-дәрмектерді сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша бірыңғай дистрибьютордың қызметін жүзеге асыру үшін құрылды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның құрылымына кіреді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум