Дарын Қонысбаев Абу-Дабиде өтетін триатлоннан әлемдік серия кезеңінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық триатлоншы Дарын Қонысбаев Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтетін триатлоннан әлемдік серия кезеңінде бақ сынайды.
Отандасымыз ерлер арасындағы жекелей жарысқа қатысады. Бұл сында барлығы 55 спортшының есімі тіркелген.
ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасындағы жарыс 13 қарашаға жоспарланған.
Қатысушылар спринт қашықтығын еңсеруі тиіс.
Айта кетейік, жарыс қорытындысы бойынша спортшылар Олимпиадаға іріктеу кезінде есепке алынатын рейтингтік ұпайларға ие болады.
Қазақстан командасы керлингтен әлем чемпионатына іріктеу турнирінде тағы жеңіске жеткенін жазған едік.